“ҚАРА ЖҰЛДЫЗ” РОМАН-ЕРТЕГІСІ РЕЦЕНЗИЯЛАР:

30 бет. —Если ты заметил недостатки в других, то это значит, что они есть и у тебя. Иначе как бы ты узнал их? Осы сөздерді оқып отырғанда мен сонша таң қалып, көп ойланып қалған болатынмын. Шынымен бұл жазылған сөздер рас. Осы бөлімнен өзінің жақсы қасиеттерімді жетілдіруге бағытталдым. 49 бет. —Чтобы найти себя настоящего, следует избавиться от себя ложного… Екінші ақылда мен өзімді сырттай көргендей,танығандай болдым, өйткені мен жаңа балалармен танысқанда өзімді тыныш бала ретінде көрсететінмін. Бірақ ішімде отым лаулап, өзімнің шынайы түрімді көрсетпейтінмін. Мүмкін, өзімнен ұялмай, нағыз өзімді көрсеткенде, достарым өте көп болып, басқалардың есінде қалар едім….. 69 және 101 беттер. —И без испытаний не бывает пути. —Свобода -это путь ошибок и побед… 11 сынып түлегі болғандықтан, көптеген оқуларды қарап, соларға түсуге тырысудамын. Әр күн сайын көптеген информация алып, кейде басым да жарылатын сияқты күйлер болады. Сондай жағдайларда қиын болып жатқанда мен осы сөздерді оқып, мотивация аламын. Қаншалықты қатты тырыссаң-жиған жемісің соншалықты тәтті болады. Кара Жолдостың маған ұнаған қасиеттері: Біріншіден ол өз болашағынан қорыққан болатын, бірақ сол қорқынышын жіберіп, бостандыққа ие болды.. Екіншіден оған атылған адамдарды ол қас жау ретінде емес, жаңа дос ретінде қараған болатын. Өлтірсе де жансыз,панасыз қалған денесін қара да суық жерде қалдырмай, жерге көміп, құран оқып кететін. Үшіншіден ол адамдарды кедей,бай,атағы шыққан деп бөлмегені маған қатты ұнады. Ең кішкентайына да басын изеп, құрметін көрсеткен болатын. Адамдарға көмек беру үшін еш нәрсесін аямады. Ұнамаған қасиеттері жоқ, әр ісінен, қателіктерінен өзіме сабақ алдым.

Азат Жанахметов, Костанай


Кітаптың алғашқы парағын ашып, оқи бастаған сәттен-ақ өте қызықты кітап екенін ұқтым. Қара Жолдостың өзін-өзі табу жолында онымен бірге сапар шеккендей болдым. Қазіргі менің 11сынып оқушысы ретінде, дәл Қара Жолдос тәрізді, ЖОО түсу жолым қиын боларын сеземін, және басты кейіпкермен өзара байланысты көргендей болдым. Басында оның да бойын қорқыныш биледі. Қайда барарын, не істерін ұқпады. Алайда сапарында кездескен ақылды адамдар оған жол көрсетіп, қол ұшын созды. Менің жағдайымда, бұл менің ұстаздарым тәрізді. Олардан алған әр дәрісім, менің жолымды айқындап, ҰБТ-дан жоғары балл алуыма көмектесері сөзсіз. Сонымен қатар Қара Жолдостың жолында зұлым кейіпкерлер де жолықты. Мен оны өзімнің кейбір сынақтардан сүрінуім деп білемін. Сол сынақтардың нәтижесіне қарау арқылы өзімнің мақсатымды айқында, дайындықты күшейтетін боламын. Және де осы кітаптың нақты оқиғамен аяқталмауы, мен үшін алар білімнің шексіз жалғасатынын ұқтырғандай болды. Қара Жолдос кітабын дәл осы уақытта қолыма алып, оқығаныма өте қуаныштымын. Себебі онда болған әр оқиға мен үшін жаңа бір жаңалықты ашқанда, маған көмектескендей болды.


Мадина Аманбаева, Шығыс Қазақстан облысы

Бұл кітап маған шыныменде ұнады. Себебі, басты кейіпкер Қара Жұлдыздың бойынан өзіме керек болатын бірнеше жақсы қасиеттер таптым. Соның бірі, шыдамдылық пен төзімділік. Қара Жұлдыз сияқты өз мақсатыңның жолында кездескен қиындықтардан шыдамдылықпен өту. Екіншісі, сыпайылық. Себебі, Қара Жұлдызда жолында бірнеше адамдарды кезіктіреді. Және барлығына өзінің сыпайылығымен құрметін көрсетіп өтеді. Және ең соңғысы мейлі мақсатың қаншалықты үлкен болса да алдыдан шығатын қиындықтарға мойымай өту керек. Келер күнге сеніммен қарап, алдыға нық қадам басу қажет. Мәтіндегі мына сөйлемдер оған мысал бола алады деп ойлаймын. «…ханзада күннің батқанын қарап,келер күннен көп нәрсе күтіп ұйқыға жатты.Мейлі ол жеңіл болсын,немесе ауыр болсын,маңызды емес.Ол жаңа болады.» Меніңше,осыдан біз жаңа күннің өзі жаңа мүмкіндік екенін білеміз. Осы кітапты сыйлыққа бергендеріңіз үшін көп рахмееет🤗🤗🤗 Өзім үшін пайдалы тұстары көп болды. 

Ментай Шарипханова, Шығыс Қазақстан облысы


Қара Жолдас дүниеге келгенде айналасындағылар өте қатты таң қалды. Оның жұлдыз тәрізді қалы көктен келген белгі ретінде қабылданды. Көзі қырағы , көзқарасы суық, жүзі сұрғылт болды. Өз ақиқатын өзі іздеуге аттанып, түрлі сынақтарға тап болды. Ақиқат жолында отбасынан бас тартып шындық үшін күресті. Тіпті оған өзге әлемнің тіршілік иелері де кедергі жасай алмады. Яғни кітаптан түсінгенім мақсатқа жету жолында ештеңе кедергі бола алмайды. Тек өз өзіңе сенімді болып алға ұмтылу керек! Қара Жолдастың бойындағы қайтпас қайсарлық, батылдық қасиеттері маған ұнады. Себебі тек соның арқасында ол дегеніне жетіп, жетістіктерге қол жеткізді. Ал аңқаулығы мен ашушаңдығы ұнамады. Себебі адам сабырлы болса ғана ойланып шешім қабылдай алады. Кітап маған өте пайдалы болды. Қиял әлеміне сапар шегіп қана қоймай өзімнің ойлау қабілетімді дамыттым. Кітаптан аларым да көп болды. Өмірлік ұстанымдарым мен көзқарастарымды өзгертуге септігін тигізді. Адами қасиеттерді дәріптеп, жастарға ой саларлық кітап деп ойлаймын. Кітаптың сюжеті де қызық әрі есте қаларлықтай екен!  


Гулзат Тасыбек, Алматы

Негізгісіне келетін болсақ Қара Жолдастың жақсы қасиеттері жетерлік.Өз басыма қатты ұнағаны оның сыпайылығы,адамды үлкен-кіші демей сыйлай білетіні,мейірімділігін көрсете алатыны.Кез-келген ескертуді қабылдай біліп,қателігін түсініп,шешім шығара алатыны.Кешірімшілдігін де қоса айтуға болады деп ойлаймын. Ал енді,менің ойымша яғни маған ұнамағаны,Қара Жолдастың өткен ісіне өкінетіндігі,жасар ісін жасап болған соң өзін жегідей жеуі,өзіне кінә артып,өзін кінәлі сезінуі. Кемшілігі жоқ адам болмайды әрине…Бірақ,Қара Жолдастың әрекетін көріп есіме бірден Шыңғысханның: «Қорықсаң — бастама, Бастадың ба — қорықпа, Жасадың ба — өкінбе!» деп айтқан сөзі сарп ете қалды.Сондықтан да ешқашан өткен іске өкінбеген дұрыс деп ойлаймын.

Жаннұр Сатыбалды, Атырау


Қара Жолдастың ең ұнамды қасиеті,ол оның-қайсарлығы мен батылдығы.Бала болсада өз үйін тастап,сыртқы әлеммен күреседі.Ол бір әлемнен екінші әлемге ауысқан кезде, Қара Жолдос зұлымдық пен шығынға тап болады, солай жүріп,адамзаттың жаман қасиеттерімен күресуді, дұшпандарға тойтарыс беруді үйренеді, әрі қарай жүре берген сайын өз бойынан бір нәрсені ашады, оның қалай болатынын түсінеді өзгереді, күшейеді және шындыққа жақындайды. Бірақ бұл ақиқатқа апаратын шексіз жол болсын, демек, мұндағы аяқталу екіұшты, айтылмай, оқырманға оқиғаның жалғасы үшін таңдау немесе үміт қалдырады. Оның үстіне бұл кітапта,фэнтези жанры басым. Кітапта қазақ және орыс фольклоры бір-бірімен тығыз байланысты.

Аружан Жиенбекова, Караганда


Қара Жұлдыз есімді ханзада. Данышпан ақсақалдар байыпты да байқампаз баланың өсе келе ұзақ сапарға шығып, жан тазалау, ағару жолын іздейтінін болжайды. Алайда ол жол — жауынгердің де, тақуаның да жолы емес еді. Қара Жұлдыз ханзада ержетер жасқа жетер-жетпестен, қасына өзін тәрбиелеген сүт-анасы — қасқыр мен қорғанышы, тәлімгері ақжал бөріні ертіп, әке шаңырағын артқа тастайды. Олар бір әлемнен бір әлемге өте жүріп, әр әлемнен өздеріне бір өнеге табады. Ұзақ жолдан жүріп өткен ханзада өзінің қаншалықты өзгергенін, мақсатқа жету жолының қаншалықты ауырлығын, әр кездескен әлем оны өзіне жақын тартатынын да, алыстататынын да ұғынады.

Ақерке Жұлдызова, Шығыс Қазақстан облысы


Бұл романның басты кейіпкері айрықша белгі — қара жұлдыз тәрізді меңмен өмірге келген Қара Жұлдыз есімді ханзада. Данышпан ақсақалдар байыпты да байқампаз баланың өсе келе ұзақ сапарға шығып, жан тазалау, ағару жолын іздейтінін болжайды. Алайда ол жол — жауынгердің де, тақуаның да жолы емес еді. Қара Жұлдыз ханзада ержетер жасқа жетер-жетпестен, қасына өзін тәрбиелеген сүт-анасы — қаншық қасқыр мен қорғанышы, тәлімгері ақжал бөріні ертіп, әке шаңырағын артқа тастайды. Олар бір әлемнен бір әлемге өте жүріп, әр әлемнен өздеріне бір өнеге табады. Ұзақ жолдан жүріп өткен ханзада өзінің қаншалықты өзгергенін, мақсатқа жету жолының қаншалықты ауырлығын, әр кездескен әлем оны өзіне жақын тартатынын да, алыстататынын да ұғынады. Кітап зор мағынаға толы, әсіресе Жас Ханзаданың іс әрекеттері адамға ой салады.Алда не күтіп тұрғанын білмесе де мақсатқа жету үшін алыс жолға шыққан жас ханзаданың бұл шешімі нағыз қайсарлықтың белгісі болды, сондай-ақ ол діттеген жеріне жеткізер ұзақ жолда қорқыныш оған серік бола алмайтынын түсінді. Қорықпады, тайсалмады. Бұл маған да зор күш сыйлады. Бұл кітапты Ұлттық бірыңғай тестілеудің алдында оқыдым , қорқынышымды жеңдім. Ғибрат алдым. 

Мақпал Жарылқапберген, Жамбыл

Қара Жұлдыз кітабынан өзіме өмірлік өсиет тәлім тәрбиемен өнеге ала алдым. Қара Жұлдыз кітабы мені жігерлендіріп ,ойымды , өмірлік позициямды өзгертті… Маған ұнағаны: қандай жағдай болмасын жүрегіңнің түбіне терең бойлап жүрегіңді тыңдай білу маңызды екенін ашық дәлелмен көрсеткені. Қара Жұлдыз өмірлік жақын қасқыры мен қорғанышын бірге ертіп өмірдің бір шетінен бір шетіне барып өздеріне өмірлік қажеттілік, тәлім өнеге жинаған! Маған ұнаған Қара Жұлдыздың қасиеті ШЫДАМДЫЛЫҒЫ, МАҚСАТҚА ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ТАБАНДЫЛЫҒЫ, және ЖҮРЕК ҮНІН тыңдай білетін асыл қасиеттері ұнады! Қазір біз жасөспірім жастармыз, бойымызда қуат пен жалын барда шаршамай Қара Жұлдыз секілді өмірдің бар қырын көріп, өмірлік тәжірбие алуымыз қажет, табандылық танытып шыдамдылық арқасында әр кез мойымай алға жылжи алуымыз керек! Дәл Қара Жұлдыз ханзада секілді жағдай шындығында әрбір жанның басында болады,ойлаған мақсатыңа жету жолында адамдар сені өзінен алыстатуы мүмкін , ал кейбірі жақын тартуы да ғажап емес! Сондықтан Қара Жұлдыз ханзададай өмірге құштар әр бір жан табандылығы, шыдамдылығы арқасында биік белестермен өмір атты кемеден сүрінбей өтеді деп ойлаймын! 

Камила Керiмжан, Жамбыл

Мен өзіме кітаптан алған ақылым,қанша жерден шынайы досың,ата-анаң көмек беруге дайын тұрса да, өзің үшін жауап беретін тек өзің ғанасың және бұл өмірлік жол тек саған тиесілі.Осы өмірлік жолда сен қандай болатындығыңды және қандай жолмен жүретіндігіңді тек өзің шешесің.Өзіңді қиындықтан алып шығатында тек өзің ғана.Ал Қара Жолдастың бойындағы ұнаған қасиет өзінің әс әрекетіне сыни көз қараспен қарап,әр жасаған іс-әрекеттен сабақ алатындығы ұнады, мәселені зиян келтіру арқылы емес ақылмен шешуге тырысқандығы ұнады,ал ұнамаған жағы оның кей жерде өзін тым өзін жегідей жеп өз ісін дұрыс болып тұрса да,қате санауы(бірақ бұл кей жерінде ғана)ал былай жалпы Қара Жолдастың бойындағы бар қасиетіне тәнті болдым деп айта аламын,себебі соңғы жағында оны сатып кетседе ол өзінің көрегендігін көрсетіп, қайта сол кісіге сенуден қорықпай адамдарға көмек көрсетті.

Дарина Букан, Солтүстік Қазақстан облысы

,,Қара жұлдыз ,, кітаптің аты мен сыртындағы иллюстрациялық суреттің өзі, мені ең бірінші осы кітапті алған кезде баурап алды . Оны оқыған кезде бұл кітаптың құдіретін мүлдем басқаша сезіндім . Біріншіден адам өскен соң, оның бойында өмір сүру кезіндегі пайда болатын қорқыныштар- Қара Жолдастың айнадан көрген кезіндегі қорқыныштары болды . Өмірді сүру жолында ол осы бойындағы қорқыныштарды жеңе білді . Оның бірі Байлық қорқынышы . Қазіргі кезде адамдардың көпшілігінің бойында бар құбыжық түрі . Қара Жолдас бұл құбыжықты әкесінің байлығынан бас тарту арқылы әлсіздендіріп тастады — шеберлік деп айтуға болады . Маған бұл кітаптың әрбір беті ,әрбір азат жолы ұнады . Қара Жолдас арқылы автор бізге өмірді бақытты сүруді көрсетті .Көздері көрмейтін , есімдерін ұмытқан халықтың мекеніне келген кезінде, сол халықтың арасында бай мен кедей болып бөлінудің жоқ екенін , бәрінің тең екенін көрдім .Көздері көрмеседе жерге төгілген сүйектерден біреудің келгенін түсінеді . Бұл жерден ұққаным , адам қандай жағдай болмасын ары қарай өмір сүру үшін барлық жағдайды қарастырады екен . Адам — ұлы күш иесі .Ал ең соңғы келген елде өрт арқылы бізге судың , жауынның қаншалықты керек екенінің қадірін ұқтырды . Бізге құдай жаратқан барлық материя маңызды орын алады . Тіпті бұл жағдайлардың арасында қайғы да болып тұрады . (Қара Жолдастың асыраушысынан айырылуы ) Өмірдегі , айналадағы барлық затқа біз мән беріп ,бойымыздағы қорқыныштарды жеңе білуіміз керек 😊. 

Шугыла Сандибек, Кызылорда 

Бұл романның басты кейіпкері айрықша белгі – қара жұлдыз тәрізді меңмен өмірге келген Қара Жұлдыз есімді ханзада. Қара Жұлдыз ханзада ержетер жасқа жетер-жетпестен, қасына өзін тәрбиелеген сүт-анасы – қаншық қасқыр мен қорғанышы, тәлімгері ақжал бөріні ертіп, ұзақ сапарға аттанады. Олар бір әлемнен бір әлемге өте жүріп, әр әлемнен өздеріне бір өнеге табады. Ұзақ жолдан жүріп өткен ханзада өзінің қаншалықты өзгергенін, мақсатқа жету жолының қаншалықты ауырлығын, әр кездескен әлем оны өзіне жақын тартатынын да, алыстататынын да ұғынады Маған ұнағаны оның өз мақсатына жету жолындағы күресі.

 Дария Айтказыкызы, Шығыс Қазақстан облысы